ISU мәнерлеп сырғанаудан 2022/2023 жылғы маусымның жарыстарын бекітті

ISU мәнерлеп сырғанаудан 2022/2023 жылғы маусымның жарыстарын бекітті

<span>Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2022 және 2023 жылғы маусымдағы жарыстардың өтетін жерлерін қарастырды.  </span>

<span>ISU ресми таратқан ақпарат бойынша, 2022 жылғы төрт құрлық чемпионаты Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді. Мәнерлеп сырғанаудан 2022/23 жылғы маусымның әлем біріншілігі Жапонияның Сайтама қаласына жоспарланған. </span>

<span>Финлияндияның Хельсинки қаласы 2023 жылы Еуропа чемпионатын қабылдайды. Ал осы жылғы төрт құрлық чемпионаты Австралияның Сидней қаласында өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Канаданың Калгари қаласында өтуі мүмкін.  </span>

<span>Аталған әлемдік додалардың нақты өтетін уақытын ISU алдағы уақытта ресми хабарлайды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или