Әлем футболы

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

UFC алаңында сынға түсіп жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғасы Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды.

Ол - Швецияның өкілі Амир Альбази. Екеуінің айқасы 28 қарашада Американың Невада штаты Лас Вегас қаласындағы UFC APEX кешенінде UFC турнирі аясында өтеді.

Бұған дейін Альбази бұл жекпе-жек жайлы өзінің Instagram парақшасында хабарлаған еді. Айта кетейік, негізі швед спортшысы бразилиялық Раулиан Пайвамен айқасады деп айтылған болатын. Алайда Пайва жарақат алуына байланысты турнирге қатыспайтын болды.

Естеріңізде болса, Жалғас Жұмағұлов өзінің UFC-дегі дебют жекпе-жегінде дәл осы Раулиан Пайвадан жеңіліп қалған болатын. Оның қарсыласы UFC-де бұған дейін үш кездесу өткізіп үлгерген.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер