ММА

Чимаев: Хабиб жеңеді, бірақ Гэтжидің бір соққысы бәрін шешуі мүмкін

Чимаев: Хабиб жеңеді, бірақ Гэтжидің бір соққысы бәрін шешуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымындағы тегі шешен, швециялық Хамзат Чимаев промоушндағы жеңіл салмақ белбеуінің иегері Хабиб Нурмагомедов пен уақытша чемпионы Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жекке пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, Нурмагомедов пен Гэтжи арасындағы жекпе-жек 24 қазанда Абу-Дабидегі «Сарбаздар» аралында өтеді.

«Менің ойымша, Хабиб жеңеді. 70 те 30 деп бағалаймын. Бірақ Джастинның соққысы өте ауыр. Егер оның соққысы дөп тисе, онда бәрі мүмкін болмақ. Көреміз», - деп келтіреді Спорт24 Чимаевтың сөзін.

Нурмагомедовтың соңғы қарсыласы Дастин Порье болды. Ресейлік спортшы америкалықты 2019 жылдың қыркүйегінде жеңді. Ал Гэтжи мамыр айында Тони Фергюсоннан басым түсті.

Фото: harcord.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер