UFC карды: Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов жекпе-жек өткізеді

UFC карды: Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтерлер Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов жекпе-жек өткізетін UFC 254 турниріне қатысатын барлық спортшының есімі белгілі болды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Аралас жекпе-жектің бас жекпе-жегінде Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Гэтжи жұдырықтасады. Ал Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейра (22-8) болмақ. Ол мансабында 22 қарсыласын жеңіп, 8 жекпе-жегінде ұтылды.

Қазақстандық файтер америкалық компаниядағы дебютін осы жылдың наурыз айында өткізуі керек еді, бірақ іс-шараға бір апта қалғанда турнирдің өтпейтіні белгілі болды. Кейінірек дебют шілде айына жоспарланған, бірақ бұл жолы Шавкат Рахмоновтың өзі қолынан жарақат алып, турнирге қатыса алмады.

Дәл осы турнирде тағы бір қазақстандық, M-1 Global-дың бұрынғы чемпионы Сергей Морозов та бақ сынайды. Оның қарсыласы GFC ұйымының бұрынғы чемпионы ресейлік Умар Нурмагомедов болмақ.

UFC 254 турнирі 24 қазан күні Абу-Даби қаласында өтеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или