UFC 254: Хабиб Нурмагомедовтің дайындығы қалай

25 қазанған қараған түні Абу-Дабидегі Яс аралында UFC 254 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы (70 келі) чемпион Хабиб Нурмагомедов (28-0) уақытша чемпион Джастин Гэтжимен (22-2) кездеседі.
«Орел» Youtube-арнасында турнир қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны қалай өтіп жатқаны жарияланды.
Ал кештің негізгі жекпе-жегінде орта салмақтағы (84 келі) бұрынғы чемпион Роберт Уиттакер (22-5) Джаред Канноньемен (13-4) жұдырықтасады.
Сондай-ақ, UFC 254 турнирінде екі қазақстандық файтер өнер көрсетеді. Атап айтқанда M-1 Global чемпионы<span> </span>Сергей Морозов (62 келі) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы <span>UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Умар Нурмагомедов.</span>
Ал алғашқы кардта бұрынғы M-1 Global чемпионы Шавкат Рахмонов (77 келі) бразилиялық Алекс Оливейрамен кездеседі. Рахмонв UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін осы жылдың наурыз айында өткізуі керек еді. Бірақ коронавирусқа байланысты ол турнир өтпей қалды. Ал шілтеде өткен турнирге Шавкат жарақатына байланысты қатыса алмады.
<h4>Тамыз айындағы рейтинг: Қазақстандық файтерлердің көрсеткіші қандай</h4> <h4>UFC. Сергей Морозов Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жекпе-жек өткізеді</h4>