«Салават Юлаев» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Уфада «Салават Юлаев» пен «Барыс» кездеседі, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Карантиннен кейін елордалықтар СКА-ны 3:2 есебімен жеңіп, «Автомобилист» (2:3) пен «Северстальға» (2:3) жол берді. Ал уфалықтар жеңіс пен жеңілісті араластырып келеді: соңғы алты ойында үш жеңіс және үш жеңіліс.
Шығыс конференциясында «Салават Юлаев» 16 матчтан кейін 20 ұпай жинап, 4-орында келеді. Ал «Барыс» 9 матчта 9 ұпай жинап, 11-сатыда тұр.
2019 жылы командалар бірнеше рет кездескен, қазақстандық команда 6:1 есебімен алда келеді.
«Салават Юлаев» - «Барыс»<span> матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:20-да басталады. Тікелей эфирді</span><span> </span>Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или