Макгрегор Порьемен қарымта жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді
Екі салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор бұрынғы қарсыласы Дастин Порьемен қарымта жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бұған дейін файтер 12 желтоқсан күні жекпе-жек өткізетінін хабарлаған болатын. Алайда кездесуді UFC ұйымдастыратын айтпаған.
– Сәлем, Дастин. UFC-дің сенімен жекпе-жек өткізу туралы ұсынысын қабыл алдым, бірақ кездесудің 2020 жылы өтуі қажет екенін қадап айттым. Жақында жарақат алғаныма қарамастан 21 қараша күні дайын екенімді айтқым келеді. Сондай-ақ, желтоқсанның 12-сі не 19-ы жекпе-жек өткізе аламын. Бұған қоса Good Fight Foundation қорына 500 мың долларды қайырымдылық үшін аударамын, - деп жазды Макгрегор Instagram-парақшасында.
Еске салайық, МакГрегор мен Порье UFC 178 турнирінде кездесіп, ирландиялық бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.