ҚХЛ. «Барыс» «Автомобилистен» жеңіліс тапты
"Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатында Екатеринбургте "Автомобилистен" 2:3 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қақпаға Йони Ортио тұрса, Дмитрий Гурков құрамға қосылды.
Айдын иелері матч бастала сала шабуылды үдетті. ойынның 6-минутында-ақ есеп 2:0-ге жеткен. Холланд пен Мэйсек көзге түсті. Кезең соңында "Барыс" бір гол соқты. Шайба авторы - Роман Старченко.
Екінші кезеңнің соңында Макеев есеп айырмасын ұлғайтты, бірақ Якоб Лилья көп ұзамай қарсы шабуыл кезінде қожайындардың қақпасына соққыны дәл бағыттады - 3:2.
"Барыс" Қазақстанға қайтып оралады. Алдағы сенбі "Северсталь" қонаққа келмек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или