Америкалық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келеді

Америкалық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келеді

Америкалық файтер Брайан Барберена (15-7) жартылай орта салмақтағы бұрынғы M-1 Global чемпионы (77 келі) Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы файтер тиісті хабарламаны өзінің Instagram парақшасында қалдырды.

«Мен келісем! Іске асырайық», - деді Барберена.

Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов та шайқасты ұйымдастыруға қарсы емес екенін жеткізді. 

25 жастағы Шавкат Рахмонов (12-0) америкалық промоушенде UFC 254 турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізуі керек. Бастапқыда <span>«Номад»</span> 25 қазанда бразилиялық Элисеу Залески дос Сантоспен (22-7) жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған болатын, бірақ ол жарақат алып, турнирге қатысудан бас тартты. Қазіргі уақытта матчмейкерлер бразилиялықтың орнын басатын адам іздейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или