Қысқы

Денис Тен атындағы шәкіртақыға құжат қабылдау басталды

Денис Тен атындағы шәкіртақыға құжат қабылдау басталды
news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері Денис Тенің атына тағайындалған шәкіртақыға құжаттар қабылдануда, деп хабарлайды Olympic.kz. Байқау талаптары Қазақстан Британ техникалық университетінің ресми сайтына жарияланды.

Жобаның мақсаты - оқу үлгерімі жоғары, спорт пен мәдениет саласының дамыуына септігін тигізіп, жастар арасында патриотизмді насихаттап, зор үлес қосып жүрген дарынды студентерді қолдау.

Байқау шарты бойынша, Денис Тен атындағы шәкіртақыға тағайындау үш кезең бойынша жүргізіледі.

1 кезең: өтініштерді қабылдау - 25 қыркүйек пен 15 қзан аралығы;

2 кезең: өтініштерді іріктеу - 23 қазанға дейін;

3 кезең: нәтижесін шығару - 26 қазан.

Шәкіртақыға ҚБТУ-да оқитын (бакалавр, магистратура), спортта жоғары нәтижеге қол жеткізген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер