Тұрсынбаева: Биыл жаңа бағдарлама болмайды

Тұрсынбаева: Биыл жаңа бағдарлама болмайды

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева ұзақ үзілістен кейін жаттығуға кірісті.

- Қазіргі таңда алғашқы жаттығулар қалыпты, өз дәрежесінде өтуде. Жаңа маусымда жаңа бағдарламаны жоспарлап отырған жоқпын.

Менің білуімше, Гран При ұлттық форматта өтеді және де жарыстағы ұпайлар рейтингке енгізілмейді. Ал мен Гран-приде қатыспаймын.

Оқуыма қатысты айтар болсам, маған өте ұнайды. Көп жаңа ақпараттар, сонымен қатар, үй жұмысы да көп. Қазірше барлығына үлгеріп жатырмын, - дейді Тұрсынбаева.

Айта кетерлігі, Элизабет Тұрсынбаева биыл Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түсіп, студент атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или