Қысқы

Биатлоннан әлем кубогы кезеңдерінің жарыс кестесі өзгерді

Биатлоннан әлем кубогы кезеңдерінің жарыс кестесі өзгерді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) 2020/2021 жылғы маусымға арналған әлем кубогы кестесіне өзгеріс енгізді.

Швецияның Эстерсунд және Францияның Анси қалалары коронавирус індетіне байланысты әлем кубогы кезеңін өткізу құқығынан айырылды. Ал жаңа жыл қарсаңындағы әлем кубогының төрт кезеңін вирус қаупінен сақтану үшін екіге бөліп өткізу туралы шешім қабылданды.

Әлем кубогының алғашқы екі кезеңі 27 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Финляндиның Контилахти қаласында, ал үшінші және төртінші кезеңдер 7-20 желтоқсан күндері Австрияның Хохфильцен қаласында өтеді.

Әлем чемпионаты алғашқы жоспар бойынша 2021 жылдың 9-21 ақпаны аралығында Словенияның Поклюк қаласында ұйымдастырылады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер