Қуат Хамитов: Ешкімнен кешірім сұраған жоқпын, сөзімнен бас тартпаймын
Аралас жекпе-жектегі қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов Youtube-тағы «Ушатайка: Спорт-Экспресс» каналына сұхбат берді. Спортшы сұхбат барысында дезинфекциялаушыларды ұрып-соғу және тікұшақтарды атуға шақыру туралы сөздерінен бас тартпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
«Мен бұл тақырыпты қозғағанда, адамдар мені есінен адасқан, жынды деп ойлайды. Бірақ мен дұрыс нәрсені айтып жүрмін. Адамдар шындықты білетін уақыт келеді және менің бір кездері дұрыс айтқанымды түсінетін болады. Адамдар бір бірін улап, себепсіз ауыра бастайды, сондықтан мен мұның бәрін тоқтатқым келді. Тым құрығанда өз елімде. Себебі барлық туысым мен достарым да ауырды. Сондықтан мен мұны қандай да бір жолмен тоқтату керегін айттым», - деді Хамитов.
Сонымен қатар, ол кешірім сұрамағанын мәлімдеді.
«Көптеген адам мені кешірім сұрады дейді. Мен ешкімнен кешірім сұраған жоқпын, сөзімнен бас тартпаймын. Сондай-ақ адамдарды улауды тоқтату керек деп санаймын », - деп қосты спортшы.