FNG 98: Басты жекпе-жекте Шамиль Амиров Дмитрий Бикревті жеңді
Бүгін түнде Мәскеу қаласында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 98 турнирі өтті.Шоудың басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы чемпион Дмитрий Бикрев (12-4) Шамиль Амировпен кездесті (5-1-1), деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші раундта Амиров қарсыластың басына тізесімен соққы бағыттады. Осы сәтте төрешілер бейнеқайталаудың көмегіне жүгініп, ұзақ талқылады. Себебі соққы алған кезде Бикрев партерде еді. Әйткенмен, төрешілер соққы заңды деген шешімге келіп, Амиров техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Шамиль Амиров мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізіп, FNG жаңа чемпионы атанды. Дмитрий Бикрев белбеуінен айырылып, төртінші жеңілісіне ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или