Командалық

«Астана» БК бас бапкері: Біздің команда мен  ЦСКА-ның деңгейі мүлде бөлек

«Астана» БК бас бапкері: Біздің команда мен  ЦСКА-ның деңгейі мүлде бөлек
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен ВТБ лигасының маусымдағы алғашқы матчында «Астана» өз алаңында мәскеулік ЦСКА-ны қабылдап, ұтылып қалған еді, деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Кездесу 93:60 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталған. «Астана» сапынан ең көп ұпай жинаған – Майк Томпсон. Ол жалпы есебі 17 ұпай жинаған. Команда бас бапкері Эмиль Райкович жеңіліс себебін түсіндірді.

«Қазір біздің команда мен ЦСКА-ның деңгейі мүлде бөлек. Біздің дайындалатын уақытымыз болған жоқ. Жаттығуға бар болғаны екі апта берілді. Одан бөдек, Адонис Томас пен тағы екі ойыншы қатардан шығып қалды. Қазақстандық баскетболшылардың тәжірибе жинағаны қуантады. Мәселен, Руслан Айтқали өзін жақсы қырынан танытты. Ең бастысы, 190 күн өткен соң біз баскетболға қайта оралдық», - дейді Райкович.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер