«Флорида» мен «Вашингтон» матчында ең ұзақ буллит сериясы тіркелді

«Флорида Пантерз» бен «Вашингтон Кэпиталз» матчының жеңімпазын анықтау үшін ҰХЛ тарихындағы ең ұзақ буллит сериясы қажет болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Овертайм да нәтиже алып келген жоқ. Ал буллит сериясында жеңімпазды анықтау үшін хоккейшілер 20 соққыдан жасады. «Елордалықтар» сапында 20-шы соққыны Александр Овечкин жасаған, алайда оның ұмтылысын Роберто Луонго кері қайтарды. Ал «пантералардың» шабуылшысы Ник Бьюкстад өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.

«Флорида Пантерз» – «Вашингтон Кэпиталз» 2:1 Б (1:0, 0:1, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 – Макензи (Апшолл) – 09:36

1:1 – Брауэр (Овечкин, Бекстрем) – 34:35, басымдықта

2:1 – Бьюгстад – 65:00, ПБ

Қақпашылар: Луонго – Холтби

Видео NHL-ның YouTube порталындағы ресми парақшасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или