Ткаченко: Алдағы маусым сәтті өтеді деген үмітіміз бар

Ткаченко: Алдағы маусым сәтті өтеді деген үмітіміз бар

<span>Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Команда мүшесі Сергей Ткаченко дайындық барысының қалай өтіп жатқанын айтты. </span>

<span>«Дайындық өте жақсы өтіп жатыр. Барлық спортшылар жиналды. Командаластарыммен бас қосып, жаттығуды бастағаныма өте қуаныштымын. Жиын біз үшін жаман басталған жоқ. Карантин кезінде де тынымсыз жаттыққанымыз үлкен көмек болды.</span>

<span> Қазір бізге дайындықты үдету керек. Сол себепті, біз үшін секірудің маңызы зор. Халықаралық жарыстарға қатысты әзірге нақты жоспар жоқ. Десе де, біз алдағы маусымның басталатынына және жанкүйерлермен жолығатынымызға сенеміз», - дейді Ткаченко. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или