ACA 111. Бақытжанұлы Буториннен жеңіліс тапты
Қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы (11-3) ACA 111 турнирінің негізгі карды үшінші матчында Алексей Буторинмен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сақ» лақап атымен танымал қазақстандық ресейлік нокаутер Алексей Буторин (16-4) айқасты. Бірінші раундта-ақ Буторин Асылжанды нокдаунға түсірді, бірақ Бақытжанұлы есін жинап, клинчта жұмыс істеді. Алғашқы бес минут Алексейдің басымдығымен өтсе, Асылжан өзіне келуге тырысты.
Асылжан екінші раундта біраз соққы жұмсады. Үшінші кездесу тең жағдайда өткендей көрінген. Дегенмен Буторин мықты екенін дәлелдеп, жекпе-жекте қазақстандық спортшыны қатты нокаутқа жіберді.
Осылайша, 35 жастағы Буторин мансабындағы 16-жеңісіне жетті. Ал 30 жастағы қазақстандық мансабындағы екінші жеңілісіне және бірінші рет нокаутқа ұшырады.