ACA 111 турнирі. Октагонға кімдер шығады?
Бүгін Мәскеуде қазақстандық төрт файтердің қатысуымен АСА 111 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
19 қыркүйекте Мәскеуде өтетін ACA 111 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік файтер Александр Сарнавский (37-7) Абдул-Азиз Абдулвахабовпен (17-2) кездеседі. Бұл кездесуде жеңіл салмақтағы (70 келі) вакантты титул сарапқа салынады.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық үздік файтер Артем Резников (21-6) жеңіл салмақтағы бұрынғы ACB чемпионы (66 келі) Юсуф Раисовпен (16-1) жұдырықтасады.

Кештің үшінші негізгі кездесуінде қазақстандық Асылжан Бақытжанұлы (11-1) жартылай ауыр салмақта (93 келі) Алексей Буторинмен (15-4) кездеседі.

Негізгі кардта өзінің кезекті жекпе-жегін алматылық Георгий Кичигин өткізеді, оның қарсыласы тәжікстандық Мамуржон Хамдамов болады. Сондай-ақ, жеңіл салмақтағы файтер Нұрберген Шәріпов ресейлік Тамерлан Кулаевпен жұдырықтасады.