Қазақстандық төрт жауынгер қатысатын ACA 111 турнирінің тікелей көрсетілімі
19 қыркүйекте Мәскеуде аралас жекпе-жектен ACA 111 турнирі өтеді, оған төрт қазақстандық жауынгер қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік спортшылар Абдул-Азиз Абдулвахабов Александр Сарнавский кештің басты жекпе-жегінде бос тұрған ACA жеңіл салмақтағы титулына таласады.
Бұл шайқастың алдында қазақстандықтардың қатысуымен екі жекпе-жек өтеді. Жеңіл салмақта Артем Резников басты қарсыласы - ресейлік Юсуф Раисовпен, ал жартылай ауыр салмақтағы Асылжан Бақытжанұлы Ресейдің тағы бір өкілі Алексей Буторинмен кездеседі.
Негізгі кардта өзінің кезекті жекпе-жегін алматылық Георгий Кичигин өткізеді, оның қарсыласы тәжікстандық Мамуржон Хамдамов болады. Сондай-ақ, жеңіл салмақтағы файтер Нұрберген Шәріпов ресейлік Тамерлан Кулаевпен жұдырықтасады.
ACA 111 турнирінің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Жекпе-жек кешін мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады. Оның құны - 349 ресей рублі.
АСА 111 қатысушылары салмақ өлшеді
Артем Резниковтың салмағы Юсуф Раисовтан 750 граммға ауыр шықты