Артем Резниковтың салмағы Юсуф Раисовтан 750 грамға ауыр шықты

Артем Резниковтың салмағы Юсуф Раисовтан 750 грамға ауыр шықты

Қазақстандық үздік файтерлердің бірі Артем Резников (21-6) ACA 111 турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Таразыда қазақстандық жекпе-жек шеберінің салмағы 70,850 келіні көрсетті, яғни белгіленген салмақ шегінен 750 грамм асып тұр. 28 жастағы спортшы Юсуф Раисовқа қарсы жекпе-жегінде алатын сыйақысының 20%-н айыппұл ретінде береді.

Раисовтың өзіне келер болсақ, жеңіл салмақтағы бұрынғы ACB чемпионы (66 кг) салмақ өлшеуден сәтті өтіп, 70,1 келіні дәл көрсетті. Резников - Раисов жекпе-жегі 19 қыркүйекте Мәскеуде өтетін ACA 111 турнирінің басты оқиғасына айналады. Іс-шараның тікелей трансляциясын ACA лигасының сайтынан тамашалауға болады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или