Қысқы

Мақсат Шаранов: Биатлоншылар жаттығу жиынында барлық санитарлық талапты сақтауда

Мақсат Шаранов: Биатлоншылар жаттығу жиынында барлық санитарлық талапты сақтауда
news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан командасы Алматы облысындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде жаттығу жиындарына кірісіті. Бас бапкер Мақсат Шаранов карантиннен кейінгі алғашқы дайындық кезеңіне өз бағасы берді.

«3 қыркүйекте дайындықты бастап кеттік. Жиынға жалпы есебі 11 спортшы қатысуда. Сондай-ақ, дәрігер мен массажшы да жанымызда. Барлық санитарлық талаптарды сақтап, жаттығудамыз. Бірнеше ай бойы үйде отырған спортшылар оқу-жаттығу жиынына үлкен құлшыныспен кірісті. Барлығы жарысты, жаттығу кезеңін сағынып қалған. Бір сөзбен айтқанда, бәрі ойдағыдай, жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Ату жағынан аздаған қиындықтар бар. Өйткені, мамыр, маусым, шілде айларында біз қалыпты жүрек қағысымен атуды жетілдіруіміз керек еді. Бірақ карантинге байланысты бұл мүмкін болмады. Бүгінде спортшылар арнайы жаттығуларды бастады. Барлығын қалпына келтіреміз деген ойдамын. Ұлттық Олимпиадалық комитет пен спорттық медицина орталығы биатлоншыларды қажетті дәрумендермен қамтамасыз етті. Бұған алғысымыз шексіз.

Ендігі мақсатымыз – қазан айында Ресейдің Түмен қаласына барып жаттығу. Түменде былтырғы қарды жинап қояды. Оның үстіне, жаттығу жолына мұздатқыш қойылған. Еліміздегі Щучинск қаласында қар жауғанша көрші елде шаңғымен жаттығамыз деген жоспар бар. Оған дейін мемлекеттер шекарасы ашылса, нұр ұстіне нұр болар еді.

Халықаралық жарыс күнтізбесіне келер болсам, IBU кубогі мен жасөспірімдер арасындағы турнирлер биыл өткізілмейтін болды. Ал әлем кубогі кезеңдерінің алдағы тағдыры жақын арада шешілмек. Осы айдың соңында Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) кезектен тыс жиын өткізіп, биылғы маусымға қатысты нақты шешімдерді жариялайды. Бәріміз сол шешімді күтудеміз», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер