Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі қашан өтеді
Қазақстандық боксшы, WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы боксшының баспасөз хатшысы Берік Сұлтан өзінің Facebook-дегі парақшасында мәлімдеді. Оның хабарлауынша, жекпе-жек 9 қазан күні Лас-Вегаста өтеді.
- Жекпе-жек уақыты белгілі болды. QAZAQ STYLE 9 қазан күні жұдырықтасады. Las Vegas. MGM Grand, - деп жазды Берік Сұлтан.
Бұған дейін 9 қазанда Top Rank промоутерлік компаниясы Лас-Вегаста бокс кешін ұйымдастыратынын жазған едік. Ол кештің басты жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша, жартылай жеңіл салмақтағы вакантты чемпиондық үшін Эммануэль Наваррете мен Рубен Вилла кездеседі.
Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қазан айында өткізген болатын. Бір жыл бұрын ол Альберт Онолуносені алтыншы раундта нокаутқа түсірген еді.
Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралады
Күзде қай қазақстандық боксшылар жұдырықтасады?
Top Rank қазан айында бес бокс кешін өткізеді
Қазақстандық боксшылар IBF және WBC титулдары үшін жекпе-жек өткізеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или