ММА

UFC басшысы Иранда өлім жазасына кесілген балуанды құтқарғысы келгенін айтты

UFC басшысы Иранда өлім жазасына кесілген балуанды құтқарғысы келгенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт Иран соты өлім жазасына кескен балуан Навид Афкаридің қайғылы қазасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Функционердің айтуынша, ол Иранның үкім шығарғанына және әлемдік қоғамдастықтың пікірі мен өтініштерін тыңдамағанына таңданбаған.

«Өкінішке қарай, үкімнің орындалғаны мені қатты таң қалдырмады. Мен Дональд Трампқа қоңырау шалып, осы жағдайды айттым. Ол не істей алатынын көретінін айтты. Мен президенттің көмектесуге тырысқанын білемін.

Афкари ісін ірі телеарналар да жариялады деп естідім, бұл туралы Еуропа мен Таяу Шығыста көптеген адамдар жазды. Мен көмектесуге тырысқан басқа да ықпалды адамдардың болғанын білемін, бірақ ... Бұл өте қайғылы жағдай. Мен көмектесуге тырыстым», - деді Уайт UFC Fight Night 177 турнирінен кейін өткен баспасөз конференциясында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер