UFC Vegas 10: Басты жекпе-жекте Уотерсон Хиллді жеңді

UFC Vegas 10: Басты жекпе-жекте Уотерсон Хиллді жеңді

Бүгін Американың Лас-Вегас қаласында UFC Vegas 10 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты жекпе-жегінде екі америкалық файтер кездесті: Мишель Уотерсон және Анджела Хилл. Жекпе-жек барлық бес раундқа созылды. Төрешілер шешімімен Мишель жеңіске жетті (47-48, 49-46, 48-47).

Уотерсон 18-ші жекпе-жегінде жеңіс тойын тойлады. Сонымен қатар, сегіз мәрте жеңілген. Хилл болса, тоғызыншы рет қарсыласқа есе жіберіп отыр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или