Дәурен Ермеков Абдулманап Нурмагомедовті еске алуға арналған турнирде жеңіліс тапты
Arlan MMA Pro Team командасының мүшесі, қазақстандық файтер Дәурен Ермеков Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнирдің басты шайқасына жекпе-жегінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәскеуде Fight Nights Global және GFC біріктірілген турнирінде Ермеков (14-5) ресейлік ааса мықты сарбаз Владимир Минеевпен (14-1-1) кездесті. Бәсеке Fight Nights Global белбеуі (84 кг) тігілді.
Минеев кездесу барысында өзінің мықты екенін дәлелдеумен болды. Ол үнемі шабуылдап, қарсыласының апшысын қуырды. Ермеков оны партерге жығуға тырысса да, ресейлік файтер стойкада оған мүмкіндік бермеді. Тіпті үсті-үстіне шабуылдап, Ермековты техникалық нокаутпен жеңді.
Дәурен Ермеков 2017 жылдың сәуірінен бері жеңілмей келе жатқан. Ал Минеев алтыншы жекпе-жекте жеңіске жетті.