Дамир Ысмағұлов шаңырақ көтерді!
UFC файтері Дамир Ысмағұлов үйленді. Ол қуанышты хабарды Instagram-парақшасы арқылы жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ысмағұловтың қалыңдығы Қазақстанда туған, бірақ Орынборда тұрған.
Неке қию рәсімі Сочиде, Қара теңіз жағалауында өтті. Ұлан-асыр той болған жоқ, тек некелесу рәсімі мен фотосессия ғана өтті. Ғашықтар тойды пандемия біткен соң жасамақ.
«Енді үйлену туралы сұрақ қоймаңыздар», – деп жазды Дамир Ысмағулов фотосурет астына.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или