Forbes Конор Макгрегордың жылдық табысын жариялады

Forbes Конор Макгрегордың жылдық табысын жариялады

Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор Forbes журналы жариялаған 2020 жылдың атақты ең бай жүз адамның қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz cайты Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Спортшы өзінің 48 миллион доллар табысымен тізімде 53 орынға жайғасқан. Макгрегор соңғы жекпе-жегін Дональд Серронеге қарсы 2020 жылдың қаңтар айында өткізіп, 5 миллионға жуық доллар табыс тапқан.

Сондай-ақ, оның табысының едәуір бөлігі Reebok компаниясымен жасаған демеушілік келісімшарттан түседі. Яғни, ол осы келісімшарт үшін жыл сайын 5 миллион доллар алады.

Сонымен қатар, оның кірісін 2018 жылдан бастап өзі шығаратын виски брендінен түсетін табыс толықтырады.

Айта кетейік, МакГрегор UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы. Ол осы кезге дейін 26 кездесу өткізіп, 22 рет жеңіске жеткен және 4 рет жеңіліске ұшыраған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или