Командалық

Жағажай волейболынан Қазақстан ерлер командасы жаттығу жиынын бастайды

Жағажай волейболынан Қазақстан ерлер командасы жаттығу жиынын бастайды
news-banner7
mobile-news-top

Жағажай волейболынан Қазақстан ерлер командасы карантиннен кейінгі оқу-жаттығу жиынын бастайды деп хабарлайды Olympic.kz.

Оқу-жаттығу жиыны 10 қыркүйекте басталып, 10 қазанға дейін жалғасады. Спортшылар "Буревестник" спорт кешенінде бас қосады.

Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаевтың айтуынша, әзірге халықаралық жарыстар туралы нақты мәлімет жоқ. Күз айларында жағажай волейболынан Азия турлары өтуі мүмкін. Турнирлердің өту-өтпеуі әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ.

Ал Қазақстан әйелдер командасы уақытша демалыста.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер