Қысқы

Дмитрий Бабенко: Әлем кубогының алғашқы кезеңдері Нидерландта өтуі мүмкін

Дмитрий Бабенко: Әлем кубогының алғашқы кезеңдері Нидерландта өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Елордада «Алау» мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Ұлттық құраманың бас бапкері Дмитрий Бабенко Olympic.kz сайтына ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиыны туралы айтып берді.

«Көптен күткен оқу-жаттығу жиынымызды бастап, мұз айдынына шыққанымызға шын қуаныштымыз. Қазірде оқу-жаттығу жиыны жоспар бойынша өтіп жатыр. Нақты қашан және қандай жарысқа шығатынымыз белгісіз. Себебі, ISU әлем кубогінің алғашқы төрт кезеңінің өткізілмейтінін мәлімдеді. Алайда, Нидерланды осы төрт кезеңді бір жерде кезекпен өткізуді қарастырып жатыр деген ақпарат бар. Ресми ақпарат келіп түскенше жоспар бойынша жаттығуымызды жалғастыра береміз», - дейді бас бапкер.

Айта кетерлігі, конькимен жүгіру бойынша ұлттық құраманың оқу-жаттығу жины 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер