Артем Резников Юсуф Раисовқа қарсы жекпе-жекке қалай дайындалып жатыр?
Underdog.kz спорт агенттігі қазақстандық файтер Артем Резников (21-6) бұрынғы ACB чемпионы Юсуф Раисовқа (16-1) қарсы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп жазады Prosports.kz.
Резников – Раисов жекпе-жегі 19 қыркүйек күні Мәскеуде өтеді. Бұл кездесу АСА 110 турнирінің негізгі жекпе-жектерінің бірі. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (70 келі) жекпе-жек үш раундқа жоспарланған.
Бұл кеште тағы бір қазақстандық үздік файтер Асылжан Бақытжанұлы (11-1) да өнер көрсетеді. Ол жартылай ауыр салмақта чемпиондық титулға үміткер болған Алексей Буторинмен (15-4) кездеседі.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Марат Балаев пен Магомедрасул Хасбулаев жұдырықтасады. Спортшылар АСА тұжырымының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы белбеуіне таласады.