«Арлан» клубы «өмір сүруін» тоқтатты

«Арлан» клубы «өмір сүруін» тоқтатты

Ел чемпионатының жаңа маусымының басталуына 2 апта уақыт қалғанда «Арлан» командасы жабылғанын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Көкшетау қаласында орналасқан клуб алдағы маусымға қатыспайды. 2009 жылы құрылған команда ел чемпионатында бірнеше мәрте жүлдегер атанып, тіпті, 2018 жылы Құрлықтық кубокта жеңіске жетті. 

Алайда бүгін белгілі болғандай «Арлан» командасы «өмір сүруін» тоқтатты. Жаттықтырушылар штабы мен хоккейшілер үйлеріне жіберілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или