Конькимен жүгіру: Әлем кубогының төрт кезеңі кейінге қалды

Конькимен жүгіру: Әлем кубогының төрт кезеңі кейінге қалды

<span>Халықаралық конькимен жүгіру федерациясы биылғы маусым күнтізбесіне тағы да түзету енгізді. Бұл туралы ұйымның онлайн жиынында белгілі болды.  </span>

<span>Конькимен жүгіруден 2020 жылы өтетін әлем кубогының төрт кезеңі өткізілмейді. Атап айтар болсақ, Польшаның Томашов (13-15 қараша), Норвегияның Ставангер (20-22 қараша), АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити (4-6 желтоқсан) және Канаданың Калгари (11-13 желтоқсан) қаласында өтуі тиіс турнирлер коронавирус індетіне байланысты кейінге қалды. </span>

<span>Әзірге, Қытай мен Нидерландтағы финалдық кезеңдер ғана күнтізбеден алынған жоқ. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или