Қысқы

Қысқы Универсиада коронавирус пандемиясы кесірінен кейінге қалды

Қысқы Универсиада коронавирус пандемиясы кесірінен кейінге қалды
news-banner7
mobile-news-top

Швейцарияның Люцерн қаласында 2021 жылдың 21-31 қаңтары аралығында өтуге тиіс болған қысқы Универсиада коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалды, деп хабарлайды Prosports.kz Халықаралық университет спорты федерациясының (FISU) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қысқы Универсиада - бұл бүкіл әлемдегі спорттық іс-шара. Спорттық жарыстардан басқа, біз үшін адамдарды біріктіру элементі ретінде делегациялар арасындағы тәжірибе алмасу өте маңызды, - деді FISU президенті, Ресей Федерациясының спорт министрі Олег Матыцин. - Кірудегі шектеулер, сондай-ақ сақтық шаралары Универсиаданы өткізуге мүмкіндік бермейді. Біз бұл шешімге қатты өкінеміз, бірақ қазіргі жағдайда мұның дұрыс шешім екеніне сенімдіміз».

Универсиаданың қашан өтетіні алдағы екі айда талқыланатын болады.

Фото: РИА Новости / Михаил Мокрушин

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер