«Барыс» Братиславада жеңіліп қалды

Елордалық «Барыс» ҚХЛ-ның кезекті матчында Братиславаға қонаққа барды. Соңғы үш матч бойы жеңіліп келе жатқан жергілікті «Слован» осы кездесуде сәтсіздік сериясын тоқтатуға үмітті еді. Қазақстандық жанкүйерлердің өкініше қарай, бұл «Слованның» қолынан келді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Слован» тек алғашқы кезеңде ғана «Барыстан» есеп бойынша басым болды. Мэтт Мерли мен Томаш Суровыдың соққан голдарына астаналықтар Константин Руденконың әдемі шайбасымен жауап қатты – 2:1. Кейінірек түсінгеніміздей, бірінші кезеңдегі есеп бұл ойынды көп нәрсені шешті. Үзілістен кейін Брэндон Бочински таразы басын теңестіріп тастағанымен, 35-ші минутта Милан Бартович айдын иелеріне жеңіс сыйлады.

Осылайша «Слован» «Барысты» 2013 жылдың 22 қаңтарынан бері бірінші рет ұтып тұр.

«Слован» (Братислава) – «Барыс» (Астана) 3:2 (2:1, 1:1, 0:0)

1:0 – Мерли (Олвецки) – 05:22

2:0 – Суровы (Штясны, Кудрна) – 10:37

2:1 – Руденко – 13:32

2:2 – Боченски (Доус, Бойд) – 22:37

3:2 – Бартович – 35:00

Қақпашылар: Янус – Иванов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или