FIS екі ірі халықаралық жарыс өткізді

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) шаңғымен трамплиннен секіру бойынша жазғы Гран При мен шаңғыроллерден әлем кубогын өткізді.
Аталған бәсекелер пандемия басталғаннен бергі FIS-тің алғашқы додасы болды.
Чехияның Френштатында әйелдер арасында шаңғымен тұғырдан секіру бойынша жазғы Гран При кезеңі өтті. Осы спорт түрінен ерлер арасындағы бәсеке Польшаның Висла аймағында өтеді деп жоспарланған.
21-23 тамызда Тегеванди спорт орталығы мен Эстонияның Тарту қаласында 2020 жылы бірінші рет шаңғыроллер бойынша әлем кубогы өтті. Сенбі күні ерлер мен әйелдер масс-старт бойынша 27 шақырым қашықтықты бағындырды. Ал жексенбіде классикалық жарыс бойынша 10 және 15 шақырым қашықтықта өзара мықтыны анықтады.
Айта кетердігі, жарысты Халықаралық шаңғы спорты федерациясы жергілікті жауапты ұйымдар мен бірге денсаулық сақтау саласының мамандарымен бірге барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отыра ұйымдастырылған. Сондай-ақ, спортшылар, жаттықтырушылар, команда және ресми өкілдер, БАҚ пен көрермендерге арнайы талаптар мен ережелер түсіндіріліп, жарыс барысында барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.