Мұратбек Қасымбай титул үшін жекпе-жек өткізеді

Мұратбек Қасымбай титул үшін жекпе-жек өткізеді

9 қыркүйекте Мәскеуде Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнир өтеді. Кеш барысында тағы бір қазақстандық жекпе-жек өткізетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Arlan MMA Pro Team-тің хабарлауынша, Arlan Grip Pro чемпионы Мұратбек Қасымбай (10-2) титулдық жекпе-жекте Мұхаммед Эминовпен (12-1) кездеседі.

Басында Эминов тағы бір ресейлік Ахмед Балкизовпен кездеседі деп жарияланған еді. Алайда Ахмедтің турнирге не үшін қатыспайтыны белгісіз. 

Айта кетейік, Қасымбайдан бөлек, кеш барысында қазақстандық Гойти Дазаев пен Сәбит Жүсіпов те төбелеседі. Сондай ақ, басты жекпе-жекте Arlan MMA Pro Team командасының өкілі, GFC чемпиондық белбеуінің иегері Дәурен Ермеков FNG жұлдызы ресейлік Владимир Минеевке қарсы шайқасады. Бәске орта салмақтағы FNG титулы тігілген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или