Қысқы

Биатлоннан Еуропа чемпионы спорттан кетті

Биатлоннан Еуропа чемпионы спорттан кетті
news-banner7
mobile-news-top

Норвегиялық биатлоншы Текла Брюн-Ли өзінің спорттан кететінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

«Рахмет биатлон! Маған көп нәрсе үйреттің. Көз жас көп болды, бірақ қуаныш та көп болды. Денсаулығыма көңіл бөліп, спорттан кететін кез келді.

Мен әлем чемпионы болған жоқпын, бірақ мен спортта кездескен адамдарға өте ризамын, оны ештеңеге айырбастамас едім», - деп жазды Брюн-Ли Instagram-да.

Спортшы 2018 жылғы Еуропалық біріккен аралас чемпионатында және эстафетада жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер