Қуат Хамитов: Бес раундтық жекпе-жектерден шаршадым
Қазақстандық ММА файтері Қуат «Найман» Хамитов (18-7-1) Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Олег Косиновпен болатын жекпе-жек туралы айтты.
25 қыркүйекте Moscow Fight Nights Global 98 турнирінде Қуат Хамитов ресейлік спортшы Олег Косиновпен жұдырықтасады. Кештің басты жекпе-жегінде Дмитрий Бикрев пен Шамиль Амиров титул үшін төбелеседі.
- Сіз карантинде қалай жаттықтыңыз?
- Карантиннің басталған кезде уақытты жақсы өткіздім, өйткені мен бұрынғы балуандардан, боксшылардан жақсы команда жинадым. Алайда ауыр жаттығу жасап, тіземді жарақаттап алдым. Екі ай қатардан шығып қалдым. Қазір айықтым, жекпе-жекке толыққанды дайындалып жатырмын.
- Олег Косиновке қарсы шайқас туралы айтып берсеңіз.
- Қарсыласқа келер болсақ, мен Fight Nights Global ұйымына тіркелген кезден бері менде бірде-бір оңай қарсылас түскен жоқ. Алғашқы жекпе-жек әуесқойлар арасында әлем чемпионы және қазіргі GFC чемпионы Гаджи Рабадановпен өтті, ал қалған жекпе-жектер бес раундтық болды, олардың екеуі чемпион атағын алу үшін өтті.
Шынымды айтсам, мен бес раундтық жекпе-жектен шаршадым. Сондықтан Косиновпен өтетін жекпе-жектің үш раундтық екені қуантадыі. Басында мен бұл қарапайым қарсылас деп ойладым, бірақ оның бірнеше жекпе-жегін көргеннен кейін мен оның өте мықты екенін түсіндім, өйткені ол FN үздік ондығында тұрған Ислам Бегидовты нокаутқа жіберді. Әрине, біз Косиновты зерттеп жатырмыз. Ол ушу – саньда бойынша Еуропа мен Ресейдің чемпионы. Жұмысқа кірісіп жатырмыз. Бір айдан кейін нағыз бабымда боламын деп ойлаймын.
- Жеңімпаз не алады?
- Мен Акоб Степанянмен жекпе-жектен өтуім керек болған кезде, жеңімпаз белбеу үшін жекпе-жекке қол жеткізетін еді. Бірақ қазір ештеңе анық емес. Бірақ мен үшін қазір бастысы - октогонға оралу. Қалғанын кейін көре жатармыз.
Хамитов соңғы рет сегіздікке 2019 жылдың 25 сәуірінде кірді. Мәскеуде өткен Fight Nights Global 93 турнирінде ол азербайжандық файтер Нариман Аббасовтан (24-3) жеңіліп қалған еді.