Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын нокаутқа түсірді
Алматыда MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен карантиннен кейінгі алғашұы бокс кеші өтті, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде әуесқой бокстан ұлттық құрама капитаны, әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Иса Ақбербаевпен (20-1, 15 КО) жұдырықтасты.
Қоңқабаев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп отырғанына қарамастан, аса тәжірибелі Ақбербаевты нокаутпен жеңді. Алғашқы ауыр салмақта (90,1 келі) өткен жекпе-жек 8 раундқа есептелген, бірақ екінші ранудта аяқталды. Бүйірден жасалған ауыр соққыдан кейін Иса жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Айта кетейік, Ақбербаев рингке өткен жылдың 2 қарашасында шыққан болатын. Жерлесіміз Екатеринбургте өткен бокс кешінде ресейлік Евгений Тищенкодан (7-0, 5 КО) жеңіліп қалған болатын. Евгений Тищенко да қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2016 жылы Олимпиада ойындарының финалында Василий Левитті даулы жағдайда жеңген еді.
Ал кештің негізгі жекпе-жегінде Parimatch букмекерлік кеңсесінің бренд елшісі Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) беларусьтік боксшы Андрей Исаевпен (30-17, 9 КО) жұдырықтасты.
Жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды. Исаев кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Виктор 12 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.
Естеріңізге сала кетейік, бокс кешінің ресми серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.