«Барыс» «Медвешчакты» қапы қалдырды

Астаналық «Барыс» Загребте «Медвешчакты» ұтып, сәтсіздік сериясын тоқтатты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы кезеңде қонақтар бірінші боп алға шықты. Найджел Доус командасының комбинациялық шабуылшын нәтижелі аяқтады. Кейін айдын иелері «Барыстың» айып алаңында ереже бұзып, астаналықтар мұны сәтті пайдаланды – 0:2. Доус – дубль авторы. Бірінші кезең аяқталар тұста Эдвин Хедберг есеп айырмасын қысқартты. Ал үзілістен кейін есеп, тіпті, теңесті – Николай Антроповтың алаңнан қуылғанын загребтіктер тиімді қолданды. Нәтижесінде Паскаль Пеллетье тарыз басын тең қылған. Десек те, үшінші кезеңде астаналықтарға сәттілік жолдас болды. Тек матчтың аяқталар тұсында ғана Найджел Доус үшінші голын соғып, тағы да астаналықтарды алға шығарды. «Медвешчакты» оңай беріле қояр команда емес екен, Пепплетьенің көмегімен олар да есепті теңестіріп тасады. Алайда соңғы сіз бәрібір «Барыс» хоккейшілерінде қалды. Боченски кездесудің аяқ жағында қос гол соғып, командасына жеңіс әкелді.

«Медвешчак» (Загреб) – «Барыс» (Астана) 3:5 (1:2, 1:0, 1:3)

0:1 – Доус (Бойд, Ландин) – 10:05

0:2 – Доус (Ландин) – 11:55, басымдықта

1:2 – Хедберг (Мартинович, Райт) – 18:23

2:2 – Пеллетье (Сен-Пьер, Троттер) – 22:12, басымдықта

2:3 – Доус (Бойд) – 55:56

3:3 – Пеллетье (Сен-Пьер, Джеффри) – 57:09

3:4 – Боченски (Ландин, Даллмэн) – 58:02

3:5 – Боченски – 59:50, ПВ

Қақпашылар: Хитер – Иванов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или