Тау шаңғысынан әлем кубогының бірінші кезеңіне жанкүйерлер қатыспайды

Тау шаңғысынан әлем кубогының бірінші кезеңіне жанкүйерлер қатыспайды

17-18 қазан күндері Австрияның Зельден қаласында өтетін тау шаңғысынан әлем кубогының алғашқы кезеңіне жанкүйерлер жіберілмейді. 

<span> «Жарысты тамашалайтын көрермендер болмайды. Бұл індет кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін қажет. Сондай-ақ, Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы мен Австрия шаңғы одағы да бұл шешімді құптап отыр», - дейді ұйымдастырушылар.  </span>

<span>Кубоктық кезең өткізілетін аймақ төрт секторға бөлінеді. Спортшылар мен бапкерлер және БАҚ өкілдері мен ұйымдастырушылар бір бірінен алшақ орналасады. </span><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или