«Казцинк-Торпедо» овертаймда «Рубинге» есе жіберді

«Казцинк-Торпедо» Тюменьде жергілікті «Рубинге» қарсы матчта бір ғана ұпайға қанағат тұтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы екі кезеңнен соң есеп айдын иелерінің пайдасына 2:1 болып жатты. Үшінші жиырма минуттықта Тему Виртала мен Александр Вологодский соққан шайбалардың арқасында алға шықты. Кейін «Рубин» таразы басын теңестіріп тастағанымен, көз ұзамай Досжан Есіркенов торпедолықтарға басымдықты қайта алып келді. Дегенмен жарты минуттан соң Александр Незнамов «Рубиннің» төртінші голын соғып, ойынды овертаймға ұзартты. Шешуші сәтте Сергей Тополь көзге түсіп, өскемендіктер жеңіліп қалды.

«Рубин» (Тюмень) – «Казцинк-Торпедо» (Өскемен) 5:4 ОТ (1:0, 1:1, 2:3, 1:0)

1:0 – Загидуллин (Ячменев, Незнамов) – 19:37

1:1 – Токарев (Колесников, Кочетков) – 31:20

2:1 – Загидуллин (Гусев) – 38:40

2:2 – Виртала (Иленен) – 47:28

2:3 – Вологодский – 54:46

3:3 – Гусев (Богдановский) – 56:44

3:4 – Есиркенов (Рымарев) – 57:17

4:4 – Незнамов (Загидуллин) – 57:44, басымдықта

5:4 – Тополь (Чибисов) – 64:01

Қақпашылар: Франскевич – Янков

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или