Шавкат Рахмонов. Инфографика

Шавкат Рахмонов. Инфографика

Елімізде аралас жекпе-жек спорты қарыштап дамып келеді. Оған бір дәлел – көшбасшы файтерлеріміз әлемнің үздік ұйымы UFC-мен келісімшартқа отырғаны.

Қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып Шавкат Рахмонов беделді ұйымнан ұсыныс алды. Өткен жылы UFC-мен келісімшартқа қол қойғанына қарамастан Шавкат Рахмонов әлі күнге дебютін өткізбеді. Жеңіл салмақта бұрынғы М-1 Global чемпионы UFC Fight Night 174 турнирінде ресейлік Рамазан Эмеевке қарсы жұдырықтасады деп күтілген. Алайда жарақатына байланысты дебюті кейінге шегерілді. 

Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахмановтың айтуынша, файтер октагонға қазан айында шығуы мүмкін.

- Өкінішке орай, жарақат - спорттың ажырамас бір бөлігі. UFC-дегі алғашқы жекпе-жекке жарақатпен шығу дұрыс емес. Сол үшін оның дебюттік кездесуін тағы да күтуге тура келеді. Шавкаттың оң қолындағы ескі жарақаты қайта сыр берді. Ол Абу-Дабиде өтетін келесі турнирде өнер көрсетеді деп үміттенеміз. Мүмкін қазан айында болатын шығар, - деді менеджер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или