Петропавлда хоккей командасы құрылады

Петропавлда хоккей командасы құрылады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов қатысқан жиналыста Петропавлда хоккей командасы ашылғаны белгілі болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ағымдағы жылдың шілде айында біз жеңіл атлетикаға арналған манежі бар жабық мұзайдынының құрылысын бастадық. Баяндамамда атап өткенімдей, мұзайдыны Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуровтың есімімен аталатын болады. Айтпақшы, онда велошабандоздардың жаттығуы үшін арнайы орын болады. Өздеріңіз білетіндей, веложарыста Солтүстік Қазақстан мықты. Біздерде бірнеше Әлем чемпионы мен Олимпиада чемпионы бар», - деді облыс басшысы.

Е.Сұлтанов сөзінде келер жылдың қыркүйек айында аталған спорт нысанының пайдалануға берілетіндігін атап өтті.

«Біз Петропавл қаласының жоғары лигада ойнайтын хоккей командасын құру бағытындағы жұмыстарды жүргізудеміз. Сондықтан да жоғары лиганың келесі хоккей маусымында Петропавл қаласы командасының да ойнайтындығына сенімдімін», - деді Е.Сұлтанов.

kazsport.kaztrk.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или