ММА

Нұрсұлтан Қасымханов ACA 110 турнирінде өнер көрсетеді

Нұрсұлтан Қасымханов ACA 110 турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Нұрсұлтан Қасымханов (11-2) келесі жекпе-жектің өтетін күнін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 5 қыркүйекте Ресейде өтетін ACA 110 турнирінде өнер көрсетеді. Алихан Сүлейманов (11-2) Қасымхановтың қарсыласы болады. Үш раундтық айқас жартылай жеңіл салмақ санатында (66 келі) өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында қазақстандық жауынгерлердің қатысуымен тағы бір ACA турнирі өтеді. Сонымен, 19 қыркүйекте ACA 111 турнирінде Артем Резников (21-6) ресейлік Юсуф Раисовпен (16-1) кездеседі. Жартылай ауыр салмақтағы Асылжан Бақытжанұлы ресейлік компанияның чемпион атағына үміткер болу құқығы үшін Алексей Буториннің күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер