«Барыс»: Андрей Назаров қызметтен кетті

Астана «Барыс» хоккей клубының бас бапкері Андрей Назаров қызметінен босатылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы тұрақты түрде өтіп тұратын соңғы жеті ойынында жеңіліс тауып, Шығыс конференциясында алтыншы орында тұр. Назаровтың орнына «Барыс» клубының бас бапкері болып Ари-Пекки Селин келеді. Ол 4 желтоқсанда Астанада «Авангардқа» қарсы ойында көрінген еді. Селиннің тағайындалуы жайлы ресми түрде бүгін, 5 желтоқсанда жария болады.

Селин болса өз кезегінде Астанаға Финляндия елшілігінің шақыртуымен келгендігін айтты. "Ертең бұл жерде мереке болады - Финляндияның Тәуелсіздік күні тойланады. Сонымен бірге "Барыстың" ойынын көруге келдім", - деді Селин өзінің "Барыс" хоккей клубына бас бапкер болып келуі жайында пікір беруден бас тартып. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Назаров «Барыс» командасы мен Қазақстан құрамасын маусым айының ортасынан бастап басқарған еді. Ресей маманы клубпен де, ұлттық федерациямен де бір жылға келісімшартқа қол қойды.

Ари-Пекки Селин астаналық клубты осыған дейін басқарған болатын. Ол өткен маусымда клубтың тарихында тұңғыш рет Гагарин Кубогының бірінші раундынан өтуге және Чернышев дивизионын ұтып алуға көмектесті.

baq.kz сайтының мәліметтері бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или