UFC Vegas 6: Басты жекпе-жекте Льюис Олейникті жеңді
Лас-Вегаста UFC Vegas 6 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде ауыр салмақ дәрежесіндегі америкалық Деррик Льюис пен ресейлік Алексей Олейник кездесті.
Льюис кезекті рет мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, нокаутшы ретінде рекорд тіркеді. Жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Раунд басталған бетте америкалық файтер қарсыласын ауыр соққалардың астына алды, төреші раундтың 21-секундында жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Льюис UFC-де ауыр салмақта 11 мәрте нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жаңа рекорд. Деррик ММА-да жалпы 24 рет жеңіске жеткен. 7 мәрте жеңілген. Ал 43 жастағы Олейниктің еншісінде 59 жеңіс, 14 жеңіліс бар. Оның тағы бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған.
UFC Vegas 6: Бастапқы кардта өткен жекпе-жектердің нәтижелері
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или