«Мен оралам». Қуат Хамитов нені меңзеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) октагонға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортis Instagram желісіндегі парақшасына сурет жүктеп, оған: «Жақында жақсы жаңалыққа куә боласыздар! #Мен ораламын» деп жазды және Fight Nights Global президенті Камиль Гаджиевті белгілей кетті.
Еске сала кетелік, 32 жастағы Хамитов 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап октагонға шыққан жоқ. Ол Мәскеуде өткен Fight Nights Global 93 турниріндегі өзінің соңғы жекпе-жегінде әзірбайжандық файтер Нариман Аббасовтан жеңілген еді (24-3).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или