Хабиб мансабын қашан аяқтайтыны белгілі болды

Хабиб мансабын қашан аяқтайтыны белгілі болды

Хабиб Нурмагомедовтің АКА спорт залындағы командаласы Джош Томсон ресейлік палуан Жорж Сен-Пьермен өтетін жекпе-жегінен кейін спортпен қоштасатынына сенімді екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Ол Сен-Пьермен шайқастан кейін спорттан кетеді. Жүз пайыз сенімдімін Ол жеңімпаз ретінде кеткісі келетінін әрдайым айтады. Ол сондай-ақ жартылай орта салмақ дәрежесіне ауысып, сол жерде жеңіске жетуді қалады. Бірақ бұлай болмайды.

Хабибтің мақсаты Ислам Махачев титулдық жекпе-жекке жақындағанша кету болды. Ол Исламның рейтингтің алғашқы бестігіне кіретін файтермен жекпе-жек өткізуін қалайды. Хабиб аралас жекпе-жектен кетеді, титулды босатады», - деп келтірді Томсонның сөзін Sportsport.ba басылымы.

31 жастағы Нурмагомедов осы күнге дейін 28 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или